Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шарушалылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Орталықтың тарихы
1999 ж. — ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы №1850 қаулысымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мемлекеттік білім беру және тестілеу стандарттарының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.
2001 ж. — «Мемлекеттік білім беру және тестілеу стандарттарының ұлттық орталығы» РМҚК Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді.
2008 ж. — ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі №365 қаулысымен кәсіпорын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» болып өзгертілді.
2024 ж. — ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі №265 қаулысымен Орталық Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ШЖҚ РМК) болып қайта құрылды.
Негізгі іс-шаралар
Тест тапсырмаларын қалыптастыру
Білімді бағалау жүйесінің әділдігі мен сапасын қамтамасыз етудегі маңызды кезең – Ұлттық тестілеу орталығы жүргізетін барлық негізгі білім беру және аттестациялық іс-шараларға арналған тест тапсырмалары базасын құру болып табылады.
Тест тапсырмаларының базасы тестілеуге қатысушылардың білім деңгейін, іскерліктері мен дағдыларын тексеру және бағалау үшін әзірленеді. Сондықтан оны құру қатаң талаптарды сақтауды талап етеді. Тест тапсырмаларының базасын әзірлеу процесі күрделі және көп сатылы, техникалық сараптама мен креативті тәсілді біріктіруді талап етеді.
Тест тапсырмаларын құрастырушылар ретінде педагогикалық өлшемдер және психометрия саласындағы жетекші сарапшылардан оқытудан өткен, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі мен дағдылары бар мамандар тартылады. Осындай тәжірибесі бар мамандарды тарту тест тапсырмаларын әзірлеудің жоғары сапасын, олардың ғылыми негізділігі мен өлшеу дәлдігін қамтамасыз етеді.

Оқыту
Әзірлеушілер мен сарапшыларды оқыту

Спецификация
Әзірлеу үшін спецификацияны бекіту

Әзірлеу
Тест тапсырмаларын әзірлеу

Сараптама
Тест тапсырмаларын сараптау

Апробация
Тест тапсырмаларын апробациялау

Тапсырмалар базасы
Тест тапсырмаларын базаға енгізу