Тестілеуге төленген ақша қаражатын қайтару
Тестілеу үшін төлем жасалған күннен бастап бір жыл ішінде ақшаны қайтару туралы өтініш беруге болады.

Тестілеуге төленген ақша қаражатын қайтару алгоритмі
- егер тестіленуші бір тестілеуі үшін бір кезеңде екі рет қателесіп төлем жасаса (қосарланған төлем)
- егер тестіленуші деректер базасы жабылғанға дейін өтінішін жойса
- егер тестіленуші тестілеу үшін ақы төлеп, бірақ тестілеуге өтініш бермесе
- егер тестіленуші денсаулығына байланысты емделуде немесе карантинде болса және осы бойынша растайтын құжаттарды ұсынса:
ҰБТ — денсаулық жағдайы бойынша «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 026/у нысанға сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы не болмаса тестілеу өткізілетін күнмен сәйкес келетін амбулаториялық картадан немесе ауру тарихынан үзінді көшірмесі бар медициналық анықтама болған кезде.
Педагогтердің білімін бағалау, КТ, ДТЕ, ҚР азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезіндегі тестілеу — QR коды бар E-gov порталынан (барлық анықтамалар сканерленеді және түпнұсқалығы тексеріледі) денсаулық жағдайы бойынша «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен бекітілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (нысан бойынша) немесе анықтамасы болған кезде.
- егер тестіленуші жақын туысының қайтыс болуына байланысты тестілеуге қатыспаса және растайтын құжаттарды ұсынса
- егер тестіленуші ауа райының қолайсыздығына байланысты тестілеуге келе алмаған жағдайда растайтын құжаттарды ұсынса
- егер тестіленуші жол көлік оқиғасына ұшыраған болса немесе тергеуде болса және осы бойынша растайтын құжаттарды ұсынса;
- егер тестіленуші "Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар (ғылыми жарыстар) конкурстарына, орындаушылар конкурстарына, кәсіби шеберлік конкурстарына және спорттық жарыстарға қатысатынын растайтын құжаттарды ұсынса
- егер тестіленуші қызметтік іссапарды растайтын құжаттарды ұсынса
- төтенше жағдай болған кезінде
Құжаттардың тізбесі
Тестіленуші төленген ақшалай қаражатты қайтару үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- төленген ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішті
- тестілеуге қатысу үшін төленген төлем туралы түбіртекті
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін
- банк төлем картасының көшірмесін (алдыңғы жағы)
- ҚР банкінің реквизиттері көрсетілген 20 сандық шоттың анықтамасы
- тестілеуде қатыспау себебін растайтын құжатты
- егер екі рет төленген жағдайда,электронды(онлайн) түбіртектің екеуін де жіберу қажет.
- егер тест тапсырушының орнына ата-анасы төлесе, баласының туу туралы куәлігінің көшірмесін қосу керек.
Байқау тестілеуіне төленген ақша қаражатын қайтару
Ақшалай қаражатты қайтару ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК тарапынан техникалық қателік орын алып, соның салдарынан тестіленуші байқау тестілеуінен өте алмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Басқа жағдайларда (байқау тестілеудің түрі, бейіндік пәні, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеу тапсыру тілі дұрыс таңдалмағанда және төлем қате төленген жағдайда) байқау тестілеуіне төленген ақшалай қаражат қайтарылмайды.
Шарт-оферта
Бұл құжат «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК жария офертасы болып табылады және өтеулі қызметтер көрсету шартының барлық маңызды талаптарын қамтиды.