Жоғары білімнен кейінгі білім беру гранттарының конкурсы
Республикалық бюджет қаражаты есебінен "магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеуге арналған білім беру гранттары түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламаларының бір тобы бойынша кешенді тестілеу нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде беріледі.
Өтініш беру
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранттарының конкурсында КТ балдары мен шығармашылық емтихандардың нәтижелері ескеріледі
КТ туралы толығырақ
Ғылыми-педагогикалық магистратура
Шет тілінен бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест немесе шығармашылық емтихандар.

Бейінді магистратура
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.
Конкурсқа қалай қатысуға болады
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін түсуші ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына өтініш береді. Өтініш берген кезде барлық растайтын құжаттар болуы керек.
Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
- күнтізбелік жылғы 12-18 тамыз аралығында;
- күнтізбелік жылғы 12-18 желтоқсан аралығында.
Білім беру грантын беру туралы куәлік
Куәлікті 2 жолмен алуға болады.
1-әдіс
Жеке кабинетте
Жеке кабинетке өту үшін app.testcenter.kz сайтына кіру қажет. "Куәлікті тексеру" бөлімінде электрондық форматтағы куәлік қолжетімді.
2-әдіс
Куәлікті тексеру сайтында
grant.testcenter.kz сайтынан тестіленушінің жеке коды (ТЖК) бойынша электрондық форматтағы куәлікті жүктеуге болады. Ол үшін сайтта тестілеу түрін, тапсыру жылын, тестіленушінің ЖСН және ТЖК таңдау қажет.
Жиі қойылатын сұрақтар
КТ нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест нәтижесінің балы жоғары тұлғаға басым құқық беріледі, одан кейін оқуға дайындығын анықтауға арналған тест нәтижесі, бұдан әрі шет тілі бойынша тест нәтижесі, одан кейін дипломға қосымшадағы (алдыңғы білім деңгейі) GPA ескеріледі.
GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаттың балдарын ауыстыру республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтініш берілгеннен кейін жүзеге асырылады. Ол үшін ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына сертификатты ұсыну қажет.
Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламасының тобын және үш ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
Квота бойынша грант ЖООКБҰ-ға жекелеген білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жеке түрде беріледі. Шекті балл жинаған тұлғалар жалпы конкурсқа және (немесе) ЖООКБҰ квотасы бойынша конкурсқа қатыса алады, таңдалған әр ЖЖОКБҰ үшін конкурс түрін өздері анықтайды.
Конкурсқа қатысу үшін жинау қажет:
- ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде шығармашылық дайындықты және араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша – кемінде 75 балл, бұл ретте, шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейіндік пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейіндік пән бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл;
- оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға – кемінде 30 балл, бұл ретте, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейіндік пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейіндік пән бойынша – кемінде 7 балл.

Нормативтік құжаттар
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы
Ашу"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары
АшуЖоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
Ашу2024-2025, 2025-2026, 2026-2027 оқу жылдарына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ашу2024-2025 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
АшуЖоғары оқу орындарының Виртуалды қабылдау комиссияларының тізімі
Ашу