Ұлттық бірыңғай тестілеу
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтиханының нысаны
Өтініш беру
Жалпы ақпарат
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 2004 жылы енгізілді. Тестілеу Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген адамдардың білімін бағалаудың негізгі тәсілі болып табылады.
Тестілеу
Тапсыру нысаны
ҰБТ өткізу пункттері
Өткізу орны
Апелляция
Қарастырылған
Сертификат
Тестілеу өткізілген жылдың
31 желтоқсанына дейін жарамдыНені білу маңызды?
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының топтары
ҰБТ пәндерімен білім беру бағдарламаларының топтарының тізімі
ҰБТ-ға дайындық
Байқау сынағын тікелей жеке кабинетте өтуге болады. Сондай-ақ, ҰБТ-ға дайындық кезінде тақырыптар тізімімен, оқулықтар тізімімен, «Тестілеуге дайындық» бөліміндегі тапсырмалардың мысалдарымен танысу қажет.Халықаралық сертификаттар
SAT, ACT, IB, A Level, TOEFL ITP, TOEFL IBT, TOEFL PBT, IELTS (АЙЛТС) халықаралық сертификаттарының балдары бейіндік пәндер сәйкес келген кезде ҰБТ балдарына ауыстырылады.ҰБТ-ға қатысу
ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі. Тестілеуге тіркеу жеке кабинет арқылы жүргізіледі. Қатысушылардың тізімін және ҰБТ өткізу мерзімдерін «Тестілеу туралы» бөлімінен қараңыз.Тестілеу кезіндегі мінез-құлық ережелері
Тестілеу кезінде мінез-құлық ережелерін сақтау алынған нәтижелердің академиялық адалдығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді.
ҰБТ Сертификаты
Тестілеуден өткеннен кейін ҰБТ нәтижелері бар сертификат беріледі. Сертификатты жеке кабинеттен немесе төмендегі сілтеме арқылы жүктеуге болады. Сертификаттың түпнұсқалығы QR кодымен расталады.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) нәтижелері бойынша берілген сертификат тестілеу өткізілген жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсу
Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары талапкерлерді ақылы негізде, сондай-ақ білім беру гранты бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қабылдайды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу сандармен
Ағымдағы жылғы мектеп түлектері арасында тестілеуге қатысқан бірегей қатысушылар саны:
2025 ж. — 180 508 адам;
2024 ж. — 154 126 адам;
2023 ж. — 139 646 адам.
Нормативтік құжаттар
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары
АшуЖоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
АшуЖоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы
АшуТехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышы
АшуЖоғары білімнің білім беру бағдарламаларының туыстық топтарының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының сәйкестігінің әдістемелік ұсынымдары
Ашу"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары
АшуБілім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы
Ашу