Толық оқу мерзіміне арналған ұлттық бірыңғай тестілеу
Тестілеуге қатысушылар
- Ағымдағы жылғы мектеп түлектері
- Өткен жылдардағы мектептердің, колледждердің түлектері
- Шетелде оқыған мектеп түлектері
- Шетелде оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалар
| Тіркеу | Тестілеу | Тестілеуге қатысушылар |
|---|---|---|
20 - 30 желтоқсан 15 - 25 ақпан | 10 қаңтар - 10 ақпан 1 наурыз - 6 сәуір | 11 (12) сынып бітіруші білім алушылар |
10 - 25 сәуір 25 шілде - 5 тамыз | 10 мамыр - 10 шілде 10 - 20 тамыз | Ағымдағы жылғы мектеп түлектері |
20 - 30 желтоқсан 15 - 25 ақпан 10 - 25 сәуір 25 шілде - 5 тамыз | 10 қаңтар - 10 ақпан 1 наурыз - 6 сәуір 10 мамыр - 10 шілде 10 - 20 тамыз | Өткен жылдардағы мектептердің, колледждердің түлектері |
20 - 30 желтоқсан 15 - 25 ақпан 10 - 25 сәуір 25 шілде - 5 тамыз | 10 қаңтар - 10 ақпан 1 наурыз - 6 сәуір 10 мамыр - 10 шілде 10 - 20 тамыз | Шетелде оқыған мектеп түлектері |
20 - 30 желтоқсан 15 - 25 ақпан 10 - 25 сәуір 25 шілде - 5 тамыз | 10 қаңтар - 10 ақпан 1 наурыз - 6 сәуір 10 мамыр - 10 шілде 10 - 20 тамыз | Шетелде оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалар |
20 - 30 желтоқсан 15 - 25 ақпан 10 - 25 сәуір 25 шілде - 5 тамыз | 10 қаңтар - 10 ақпан 1 наурыз - 6 сәуір 10 мамыр - 10 шілде 10 - 20 тамыз | Ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша ЖЖОКБҰ-ға қабылданған тұлғалар |
20 - 30 желтоқсан 25 шілде - 5 тамыз | 10 қаңтар - 10 ақпан 10 - 20 тамыз | ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар |
20 - 30 желтоқсан 25 шілде - 5 тамыз | 10 қаңтар - 10 ақпан 10 - 20 тамыз | ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар |
Тестілеу үшін төлем
ҰБТ-ға қатысу үшін төлем онлайн өтініш беру кезінде бір сағат ішінде жүргізіледі.
- QR-кодты сканерлеу арқылы Kaspi.kz қосымшасында төлем;
- Кез келген банктің картасымен онлайн төлем (Visa, MasterCard).
Тестілеу құны
5640 теңге
