Ұлттық бірыңғай тестілеу
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтиханының нысаны
Өтініш беру

Тестілеу кезіндегі мінез-құлық ережелері
- аудиториядан (компьютерлік сыныптан) тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз 10 минуттан артық шығуға;
- тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға (төтенше, форс-мажорлық жағдайларды және/немесе түсушілердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда);
- сөйлесуге, орын ауыстыруға;
- құжаттармен, кез келген тыйым салынған заттармен және түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парағымен алмасуға;
- тестілеу материалдарын, құжаттарды және тест тапсырмаларымен жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парақты аудиториядан (компьютерлік сыныптан) алып шығуға, бүлдіруге;
- тестілеу өткізу ғимаратына, аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) тыйым салынған заттарды алып кіруіне және/немесе қолдануына;
- тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шулауға;
- тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;
- тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;
- тестілеу жүйесіне араласуға және тестілеуден өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға.

Тестілеуді өткізу кезінде тестіленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың тестілеу өткізу ғимаратына тыйым салынған заттарды алып кірмеу үшін тестілеуге кіргізу кезінде, қолды және рамалық типтегі металл іздегіштермен, сонымен қатар тестіленуші аудиториядан шыққан жағдайда және аудиторияға қайта кірген кезде қолды металл іздегіштермен тексеріледі.
- Фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)
- Рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер)
- Смарт сағаттар, смарт көзілдірік, фитнес білезіктер (трекерлер)
- Диктофон, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, микрофондар, сымсыз бейнекамераларды
- GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ мынадай стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект)
- Шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер
- Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі
- Калькулятор, барлық түрдегі және нысандағы қағаздар.
Тестілеуге жіберу барысында тыйым салынған заттар анықталған кезде акт жасалады және түсуші осы тестілеуге жіберілмейді.
Тестілеуге жіберу барысында бөгде адам анықталған кезде акт жасалады және түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.
Тестіленуші тестілеуде өзін-өзі ұстау ережелерін бұзған жағдайда, акт жасалады және тестілеудің барлық кезеңдерінде, оның ішінде тестілеуді аяқтағандардың да тестілеу нәтижелері жойылады.
Тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.
Бұл ретте күнтізбелік жылдың 10 мамыр – 10 шілде аралығында ҰБТ тапсыратын тұлғаларға Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштігі кестесі қосымша қағаз нұсқада беріледі.

Тестілеу күні өзіңізбен бірге болуы керек
Жеке басын куәландыратын құжат
Тестіленуші он алты жасқа толмаған жағдайда, 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларының 7-1-қосымшасына сәйкес, ағымдағы жылы мектепті аяқтағаны жылы мектепті аяқтағаны туралы анықтама ұсынылады
Өту