uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Жоғары білім беру гранттарының конкурсы

Республикалық бюджет қаражаты есебінен "бакалавр" дәрежесін бере отырып, жоғары білім алуға ақы төлеуге арналған білім беру гранттары ҰБТ нәтижелеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.

Өтініш беру

Жоғары білім беру гранттарының конкурсында ҰБТ балдары мен шығармашылық емтихандардың нәтижелері ескеріледі

ҰТО туралы толығырақ
Полная форма

Оқытудың толық түрі

Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және екі бейіндік пән/екі шығармашылық емтихан бойынша

Сокращенная форма

Оқытудың қысқартылған түрі

Жалпы кәсіптік пән / шығармашылық емтихан және арнайы пән бойынша

Конкурсқа қалай қатысуға болады

Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін түсуші жжокбұ қабылдау комиссиясына және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді. Өтініш берген кезде барлық растайтын құжаттар болуы керек.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады.

Грант беру туралы куәлік

Куәлікті 2 жолмен алуға болады.

1-әдіс

Жеке кабинетте

Жеке кабинетке кіру үшін app.testcenter.kz сайтына кіру керек. "Куәлікті тексеру" қойындысында электрондық форматтағы куәліктер бар.

2-әдіс

Сертификаттарды тексеру сайтында

grant.testcenter.kz сайтында электрондық форматтағы куәлікті тестіленушінің жеке коды (АКТ) бойынша табуға болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

  • - Барлық балалардың туу туралы куәлігі;
  • - Ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттары;
  • - Көп балалы болу бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушының куәлігі (бар болса).
Егер отбасында 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент болса, онда оны балалар санын анықтау кезінде ескеру қажет. Егер ол оқымаса, онда 18 жасқа дейінгі балалар есепке алынады. Бұл ретте оқу орнынан анықтама беру қажет (күндізгі оқу нысаны).
  • Туу туралы куәлік;
  • Ата-анасының біреуінің ажырасу/қайтыс болу туралы куәлігі.
Егер баланы ата-анасының біреуі тәрбиелеген болса, бірақ туу туралы куәлікте ата-анасының екеуінің де жазбасы болса, онда некені тіркеудің жоқтығы туралы анықтама (Е-gov/АХАЖ/Әділет департаментінен анықтама) ұсыну қажет.
Немесе кем дегенде үш жыл мерзімге некені бұзу туралы куәлік.
  • Туу туралы куәлік;
  • Мүгедектігі бар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-әпкелердің туу туралы куәлігі;
  • Ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-әпкелердің мүгедектігі туралы куәлік.
Иә, мүмкін.
Некені тіркеудің жоқтығы туралы анықтама (Е-gov/АХАЖ/Әділет департаментінен анықтама).
Иә.
ҚР Білім туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға білім беру гранты конкурсына қатысу құқығы беріледі.
Жоқ.
Олар шетелдік азаматтар ретінде тек ЖОО-да ақылы оқуға құқылы (әңгімелесу арқылы түседі)

Нормативтік құжаттар

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы

Ашу

"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары

Ашу

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

Ашу

2024-2025, 2025-2026, 2026-2027 оқу жылдарына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Ашу

Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 2024-2025 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

Ашу

2024 жылғы білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның ең төменгі балдары

Ашу

Бейіндік пәндер комбинацияларының білім беру бағдарламалары топтарына сәйкестігі

Ашу

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының туыстық топтарын көрсете отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізімі

Ашу

Бейіндік пәндердің таңдалған комбинациясына сәйкес ақпараттық парақ

Ашу