Жасанды интеллект ҰТО-ның процестерінде
ҰТО технологиялар саласындағы заманауи үрдістерді белсенді түрде қадағалап, өз қызметтік үдерістерін оңтайландыру үшін жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізуде.
Біздің жобалар
AI Talapker
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) мәселелері бойынша азаматтарды ақпараттандыруға арналған Telegram желісіндегі интеллектуалды чат-бот ҰБТ өткізу ережелері мен мерзімдері, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар бойынша көмек көрсетуге бағытталған.
Жүйе RAG (Retrieval-Augmented Generation) технологиясын пайдаланады, ол ішкі құжаттардың ауқымды дерекқорынан релевантты ақпаратты тиімді түрде іздеп табуға және талапкерлердің, ата-аналардың және оқытушылардың сұрақтарына нақты жауаптар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тест тапсырмаларын әзірлеуде жасанды интеллектті қолдану
Жоба генеративті нейрондық желілерді қолдану арқылы сенімді әрі ауқымды тест тапсырмалары банкін құруға бағытталған. Бұл — халықаралық тәжірибені зерделеу мен ғылыми зерттеулер жүргізу кезеңдерін қамтитын ұзақ мерзімді жоба.
Даму бағыттары:
ЖИ көмегімен прототиптер негізінде жаңа тест тапсырмаларын әзірлеу (тест тапсырмаларын клондау)

Берілген параметрлер негізінде жаңа тест тапсырмаларын генерациялау (нөлден бастап генерациялау)

КАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу жүргізу кезінде ашық тест тапсырмаларын бағалау үшін жасанды интеллектті пайдалану

КАЗТЕСТ жүйесі бойынша «Тыңдалым» блогында кәсіби түрде дыбыстау үшін ЖИ қолдану
Атқарылған жұмыстар
Қазіргі уақытта алғашқы екі бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде. Ішкі ғылыми грант аясында АҚШ-тағы ETS компаниясымен бірлесіп, ірі тілдік модельдердің эталондық тапсырмаларды көшіру және жаңа сұрақтар генерациялау мүмкіндіктерін зерттеу жұмысы жүргізілді. Аталған жұмыс ЕНТ-де қолдануға арналған сапалы материалдарды іріктеуге мүмкіндік берді және әртүрлі қиындық деңгейіндегі бірегей тапсырмаларды эксперттік бағалау арқылы әрі қарай генерациялау әдістемесін қалыптастырды.
Ғылыми жарияланымдар:
«Evaluating LLMs on Kazakhstan's mathematics exam for university admission» (США, Q2, Scopus, «Frontiers in Artificial Intelligence»)