Халықаралық ынтымақтастық
Білімді бағалау және білім сапасы саласындағы серіктестікті дамыту

Ұлттық тестілеу орталығы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән береді және оны білімді бағалау ұлттық жүйесінің сапасын арттырудың маңызды тетігі деп қарастырады. Бұл бағыт бойынша орталық шетелдік жетекші ұйымдармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп, тәжірибе, әдістеме және кадрлар алмасуды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Орталық Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Тәжікстанның емтихан орталықтарымен тәжірибе алмасуға бағытталған практикалық өзара іс-қимыл орнатып, өзара сапарлар, тағылымдамалар және сараптамалық кеңестер ұйымдастырып келеді. Бұл білімді бағалаудың әртүрлі модельдерінің тиімділігін зерделеуге, зерттеу нәтижелерімен бөлісуге және табысты тәжірибелерді ұлттық тестілеу жүйесіне енгізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ҰТО халықаралық ғылыми-сараптамалық ынтымақтастықты кеңейтіп, білімді бағалау саласындағы жетекші әлемдік ұйымдармен бірлескен маңызды жобаларды іске асыруда.

Educational Testing Service (ETS, АҚШ) — ҰБТ-ны жаңғырту және заманауи психометриялық тәсілдерді енгізу жөніндегі жобаны іске асыру.

«Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университеті (ЖЭМ, РФ) — Білім берудегі психометрика және өлшеулер орталығымен бірлесіп өлшеу модельдерін құру және талдау бойынша ортақ зерттеулер жүргізу.

AQA – Assessment and Qualifications Alliance (Ұлыбритания) — тестілердің сенімділігі мен валидтілігі қағидаттарын, сондай-ақ тест тапсырмаларының сапасын талдау әдістемелерін зерделеу.

Cito педагогикалық өлшемдер институты (Нидерланды) — нәтижелерді психометриялық өңдеу мәселелері бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған әріптестік.

College Board (АҚШ) — ҰБТ құрылымы мен мазмұнын жетілдіру мақсатында Advanced Placement (AP) емтиханының тәжірибесін бейімдеу мүмкіндігі бойынша ынтымақтастықтың басталуы.

ALTE (Association of Language Testers in Europe) — тілдік тестілеу рәсімдерінің сапасы мен ашықтығын растайтын ҚАЗТЕСТ жүйесінің толыққанды мүшелігі.

AEA-Europe — үздік халықаралық тәжірибелермен алмасу мақсатында Білім беруді бағалау жөніндегі Еуропалық қауымдастыққа мүшелікке өту бойынша жұмыстың басталуы.
Бірлескен қызмет
2007
Ұлттық тестілеу орталығы International Association for Educational Assessment (IAEA) ұйымының мүшесі болды.
Келесі ұйымдармен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды:
- Әзербайжанның Студенттерді қабылдау мемлекеттік комиссиясы
- Ресей Федерациясының Білім беру саласындағы ұлттық аккредиттеу агенттігі
- Ұлттық тестілеу орталығы (Қазақстан)
2010
ҰТО «Атакент» компаниясы ұйымдастырған «Білім және ғылым» қазақстандық халықаралық көрмесіне қатыса бастады.
2013
Анкара (Түркия, Гази университеті) TOMER орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. ҚАЗТЕСТ қызметкерлері, әзірлеушілері және сарапшылары үшін біліктілікті арттыру семинарлары өткізілді. ҰТО Білім сапасын бағалау жөніндегі Еуразиялық қауымдастыққа (ЕАОКО) мүше болды.
2014
ҰТО мен Ресейдің «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университеті арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды.
2016
Нидерландтың CITO Педагогикалық өлшемдер институтымен меморандумға қол қойылды. Бұл ынтымақтастық функционалдық сауаттылықты анықтауға бағытталған ҰБТ тест тапсырмаларын жетілдіруге өз үлесін қосты. Оқыту семинарлары барысында меңгерілген тәсілдер мен халықаралық тәжірибе контекстік тапсырмаларды әзірлеуге енгізіліп, олар апробациядан өтіп, ҰБТ өткізу кезінде сәтті қолданылып келеді.
2020
Cambridge Assessment ұйымымен мамандар мен әзірлеушілерге тренингтер өткізу туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Қазақстандағы Британдық кеңеспен меморандум жасалды.
2023
Нидерландтың CITO Педагогикалық өлшемдер институтымен меморандум жаңартылды.
2024
30 қазан
- TOMER орталығымен жаңартылған өзгерістерді қамтитын меморандум қайта жасалды.
- Сондай-ақ келесі ұйымдармен меморандумдарға қол қойылды:
- - ETS емтихан орталығы (АҚШ)
- - AQA емтихан орталығы (Ұлыбритания)
- - Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің Біліктілікті бағалау агенттігі
- - Қырғыз Республикасының «Білімді бағалау және оқыту әдістемесі орталығы»
- - «Қырғызтест» емтихан орталықтары
23 қараша
- ҰТО «Білім және ғылым-2024» XXIII Қазақстан халықаралық көрмесіне белсенді қатысып, дипломмен марапатталды.
2025
14 қазан
- ҰТО директорының орынбасары Т. Ниязов «Білім мен біліктілікті бағалаудың теориялық және практикалық тәсілдері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға (Ташкент) қатысты.
22 қазан
- ҰТО ETS, AQA, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Тәжікстан емтихан орталықтарының қатысуымен «Білімді бағалаудың өзекті мәселелері: заманауи әдістер және интеллектуалдық шешімдер» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.
20–31 қазан
ҰТО халықаралық серіктестермен бірқатар кездесулер өткізді:
- ETS (АҚШ)
- AQA (Ұлыбритания)
- Өзбекстанның Мемлекеттік тестілеу орталығы
- Әзербайжанның Мемлекеттік емтихан орталығы
- Ресей Жоғары экономика мектебінің Психометрика және білім беруді өлшеу орталығы
5–8 қараша
- ҰТО директоры Б. Абдрасилов Білім беруді бағалау жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (AEA-Europe) Гаагада (Нидерланды) өткен 26-шы жыл сайынғы конференциясына қатысты.
6 қараша
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ETS ұлттық білімді бағалау жүйесін дамытуға және жаңа буын тестілерін әзірлеуде заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Фотогалерея








