uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Бос жұмыс орындары

Конкурстық комиссияның 2026 жылғы 29 қаңтардағы шешімімен:

Қаржы және экономика басқармасының басшысы-бас бухгалтері бос лауазымына тағайындауға Назира Есетовна Жамантаеваның кандидатурасы ұсынылды.

Конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 60 ғимараты «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 79-98-89.

Қаржы және экономика басқармасының басшысы - бас бухгалтер (1 бірлік). Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты 227 371 теңгеден бастап 276 427 теңгеге дейін.

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: «Қаржы» немесе «Есеп және аудит», немесе «Экономика» мамандықтар топтамасы бойынша жоғары білім. Функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін облыстарда 7 (жеті) жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде басшылық лауазымдарда 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішін;

    2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

    3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақтың (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

    4) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

    6) түйіндеме (мемлекеттік тілде);

    7) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

    8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынуға болады.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 60 ғимараты № 110 кабинет, e-mail: okadr.nct@mail.ru

Конкурсқа жіберілген кандидаттар «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК-да әңгімелесуден өтеді.

Конкурстың өтетін орны: Астана қаласы, Есіл ауданы, Шұбар тұрғын алабы, Родниковый көшесі, 1/1 ғимарат, "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК, анықтама телефоны: 8 (7172) 69-50-63.

Орта білім беру үшін тест тапсырмаларын қалыптастыру басқармасының басшысы (1 бірлік). лауазымдық жалақысы 176729 теңгеден 214859 теңгеге дейін. Талаптар: кемінде 10 жыл жұмыс өтілі, магистр немесе PhD дәрежесі.

Қатысу үшін мыналарды ұсыну қажет:

  1. Қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке куәліктің көшірмесі;
  3. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
  4. Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі;
  6. Түйіндеме (мемлекеттік тілде).

Құжаттар 15 күн ішінде қабылданады: Астана қаласы, Родниковый көшесі, 1/1 ғимарат, каб. 1104, e-mail: okadr.nct@mail.ru

Үміткерлер "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК-да әңгімелесуден өтеді.

Конкурстық комиссияның 2024 жылғы 21 мамырдағы шешімімен Олжас Кирибеұлы Елубаевтың Мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысының бос лауазымына орналасуға кандидатурасы ұсынылды.