uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезіндегі тестілеу

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар білім көлемін айқындау мақсатында тестілеу тапсырады.

Өтініш беру

Тестілеу туралы

Азаматтықты алу немесе қалпына келтіру үшін құжаттар тапсырған кезде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар арнайы тестілеуден өтеді. Оның мақсаты — Қазақстан Республикасының тарихы, тілі және заңнамасының негізгі аспектілері бойынша білім деңгейін анықтау.

Электроннды форматтағы тестілеу

Тапсыру формасы

Республикалық маңызы бар қалалардағы және облыс орталықтарындағы өңірлік тестілеу орталықтарында

Өткізілетін орын

Қарастырылған

Апелляция

Тестілеуді өткізу мерзімдері

Тестілеу күнтізбелік жылдың ақпан және тамыз айларында жылына 2 рет өткізіледі. Тестілеуді өткізу мерзімдері мен пунктін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Тестілеуге өтініштерді қабылдау ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылғы 3 – 10 ақпан аралығында;

2) күнтізбелік жылғы 10 – 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Летний период

Өтініштерді қабылдау және тестілеуді өткізу мерзімдері туралы ақпарат testcenterkz әлеуметтік желілерінің парақшаларында, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында «Жаңалықтар» бөлімінде жарияланады.

Не білу маңызды?

Тестілеу форматы

Тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін анықтауға арналған тест (қазақ тілінде), Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде), Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде).

Толығырақ

Тестілеуге дайындық

Тестілеу форматымен алдын ала танысу үшін app.testcenter.kz сайтында тестіленушінің жеке кабинетінде байқау тестілеуі қолжетімді. Бір реттік байқау тестілеудің құны – 3355 теңге. Байқау тестілеуге төленген сома қайтарылмайды.

Байқау тестілеу

Тестілеуге қатысу

Тестілеуге тіркеу жеке кабинет арқылы жүргізіледі.

Тестілеуге өтініш беру

Тестілеу барысындағы тәртіп ережелері

Тестілеу барысында тәртіп сақтау академиялық адалдықты және алынған нәтижелердің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Тәртіп ережелерімен танысу

Сертификат

Тестілеу қорытындысы бойынша шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға шекті балды еңсергенде қазақ тілінде электрондық сертификат беріледі. Сертификатты жеке кабинеттен немесе төмендегі сілтеме арқылы жүктеп алуға болады. Сонымен қатар, түпнұсқалығы QR-код арқылы расталады. Электрондық сертификаттың жарамдылық мерзімі берілген сәттен бастап 2 (екі) жылды құрайды.

Сертификатты алу

Нормативтік құжаттар

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы

Открыть

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысы

Открыть

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидалары

Открыть