uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Байқау тестілеу

Тестілеулердің форматымен танысу үшін app.testcenter.kz сайтындағы түсушінің жеке кабинетінде байқау тестілеуі қолжетімді.

Байқау тестілеуінің құны туралы ақпарат баға прейскурантында көрсетілген.

Толығырақ Стрелка

Байқау тестілеуіне төленген төлем қайтаруға жатпайды.

Толығырақ Стрелка
Бакалавриат

Байқау тестілеуінің түрлері

Аймақтық тестілеу орталығындағы (АТО) байқау тестілеуі

Тестілеу өткізу кезінде қолданылатын барлық процедуралар мен технологияларды барынша сақтай отырып, аймақтық тестілеу орталықтарында байқау тестілеуінен өту

Онлайн форматындағы байқау тестілеуі

Онлайн түрде кез-келген интернет қолжетімді жерде отырып, байқау тестілеуінен өту

app.testcenter.kz сайтындағы пайдаланушының жеке кабинеті

Өту

Жеке кабинетке кіру және тіркелу жөніндегі нұсқаулық

Ашу

Жеке кабинеттегі аккаунтты қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулық

Ашу
Байқау тестілеуге өтініш беру алгоритмі
  • app.testcenter.kz сайтына немесе UTO.KZ қосымшасына (App Store немесе Play Market арқылы) кіріп, интерфейс тілін таңдаңыз
  • өтініштер беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркелу (Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау міндетті)
  • өтініштерді беру жүйесінде алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль көрсетілген хатты өшіруге болмайды)
  • ЖСН көрсетіп, «Іздеу» батырмасын басып (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және байланыс телефон нөмірін көрсету
  • «Байқау тестілеуі» бөліміне өту
  • қажетті тестілеу түрін таңдау
  • қажетті байқау тестілеуінің форматын таңдау

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін тестілеуге төленген ақы қайтарылмайды.

Толығырақ Стрелка

АТО-да өткізілетін байқау тестілеуі үшін

  • «Тестілеу мүмкіндігін сатып алу» батырмасын басу
  • тіркеу үшін деректерін толтыру
  • офертамен танысып, келісетінін растау
  • төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасау қажет
  • барлық кезеңдерді сәтті аяқтағаннан кейін «Өтініш сәтті қабылданды!» деген мәлімдеме шығады

Онлайн форматындағы байқау тестілеуі үшін

  • «Тестілеу мүмкіндігін сатып алу» батырмасын басу
  • офертамен танысып, келісетінін растау
  • тестілеу мүмкіндіктерінің санын көрсетіп, тапсырыс қалыптастыру
  • тестілеуге төлем жасау қажет
Инфографика
АТО-да өткізілетін байқау тестілеуіне берілген өтінішті өзгерту алгоритмі
АТО-да өткізілетін байқау тестілеуіне берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда, (тестілеу тапсыру орнын, тестілеу тапсыру уақытын, тестілеу тапсыру тілін өзгерту) өтініш қабылдау аяқталғанға дейін түсушіге өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
  • жеке кабинетке кіру
  • «Байқау тестілеу» бөліміне өту
  • «ҰТО-ның аймақтық тестілеу орталығындағы байқау тестілеуі» форматына өту
  • өтініншті ашып, «Өтінішті өндеу» батырмасын басу
  • өзгерістер енгізу
  • түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет