Докторантураға түсу емтиханы
докторантураға түсу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны
Өтініш беру
Докторантураға түсу емтиханы туралы (ДТЕ)
PhD докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға, оның ішінде индустриялық PhD және DBA (Doctor of Business Administration) бағдарламалары бойынша – магистратура немесе бейінді магистратураға теңестірілген жоғары арнайы білімі бар тұлғалар қабылданады.
Докторантураға түсушілер докторантураға түсу емтиханына қатысуға өтініш бергенге дейін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясында кеңес алуы қажет.
ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы:
- 1) түсушілерге таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тобының мәселелері бойынша кеңес беруді;
- 2) түсу емтиханының рәсімімен таныстыруды;
- 3) түсушілердің құжаттарын қабылдау мен тексеруді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
ДТЕ компьютерлік форматта
Тапсыру нысаны
Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда
Өткізу орны
Қарастырылған
Апелляция
Докторантураның даярлау бағыты
Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантура
- өз бетінше зерттеу жүргізу және диссертация қорғау арқылы жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауды қамтитын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады
- оқу мерзімі 3 жылдан кем емес
- қабылдау үшін қажет:
1) түсушімен ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
2) эссе жазу;
3) білім беру бағдарламары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар.
Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша, оның ішінде индустриялық PhD бағдарламалары бойынша докторантура
- өнеркәсіпте және басқа да салаларда кәсіби міндеттерді шешу үшін тәжірибелік дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлай отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады
- оқу мерзімі 3 жылдан кем емес
- қабылдау үшін қажет:
1) әңгімелесу;
2) білім беру бағдарламары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар.
Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу

Емтиханды өткізу мерзімдері
ДТЕ келесі мерзімдерде өткізіледі

Тіркелу: күнтізбелік жылғы 3 шілде - 3 тамыз
Тестілеу: күнтізбелік жылғы 4 - 20 тамыз

Тіркелу: күнтізбелік жылғы 28 қазан -10 қараша
Тестілеу: күнтізбелік жылғы 19 қараша - 11 желтоқсан
Нені білу маңызды?
Білім беру бағдарламалары тобы
Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға қабылдау оқуға түсушімен ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесуден, эссе жазудан, білім беру бағдарламасы тобының (БББТ) бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардың нәтижесінде жүргізіледі.
Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша, оның ішінде индустриялық PhD бағдарламалары бойынша докторантураға қабылдау әңгімелесу, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап беру және кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсыныс хаты нәтижесінде жүргізіледі.
ДТЕ-ге дайындық
ЖЖОКБҰ алқалық басқару органымен эссе тақырыптарын, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша сұрақтарды түсу емтихандары басталғанға дейін екі ай бұрын бекітеді және ЖЖОКБҰ-ның ресми сайтында алқалық басқару органы бекіткен эссе тақырыптарын, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша сұрақтарды орналастырады.
Халықаралық сертификаттар
Graduate Record Examinations (GRE) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификатының балы ДТЕ балына ауыстырылады.
ДТЕ-ге қатысу
ДТЕ жылына екі рет өткізіледі. Түсушілер ЖЖОКБҰ-ға құжаттарды тапсырулары қажет. ЖЖОКБҰ тарапынан құжаттардың қабылданғаны расталғаннан кейін, түсуші емтиханға қатысуға өтінішті жеке кабинет арқылы бере алады.
Емтихан барысында тәртіп сақтау ережесі
Емтихан кезінде тәртіп ережелерін сақтау академиялық адалдықты және алынған нәтижелердің ашықтығын қамтамасыз етеді.
ДТЕ сертификаты
Емтихан өткеннен кейін ДТЕ нәтижелері бар сертификат беріледі. Сертификатты жеке кабинеттен жүктеп алуға немесе төменде берілген сілтеме арқылы алуға болады. Сертификаттың түпнұсқалығы QR-код арқылы расталады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсу
ЖЖОКБҰ оқуға ақылы негізде, сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты бойынша қабылдайды.

ДТЕ сандармен
Осы бөлімде емтихан нәтижелері бойынша аналитикалық деректер мен статистика көрсетілген. Деректерге емтихан тапсырушылар саны, орташа балл, шекті деңгейден өткендер саны және т.б. кіреді.
ТолығырақНормативтік құжаттар
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
АшуЖоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Ашу2024-2025, 2025-2026, 2026-2027 оқу жылдарына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы
АшуЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының тізімі
Ашу