Докторантураға түсу емтиханы
докторантураға түсу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны
Өтініш беру

Емтихан кезіндегі тәртіп сақтау ережелері
- Аудиториядан дәліз кезекшісінің функциясын атқаратын түсу емтиханы әкімшісінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;
- Сөйлесуге, орын ауыстыруға;
- Аудиториядан 2 рет және ұзақтығы 10 минуттан артық шығуға;
- Құжаттармен және бейінді білім беру бағдарламаларының тобы бойынша емтихан сұрақтарының жауаптарына арналған түсушіге берілетін А4 форматындағы қағазбен алмасуға;
- Құжаттарды және бейінді білім беру бағдарламаларының тобы бойынша емтихан сұрақтарының жауаптарына арналған түсушіге берілетін А4 форматындағы қағазды аудиториядан шығаруға, сондай-ақ оларды жырту, бүктеу арқылы бүлдіруге;
- Түсушілерге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы қағазды өзімен бірге алып кетуге;
- Емтихан ғимаратына тыйым салынған заттарды кіргізуге және пайдалануға;
- Емтихан басталар алдында немесе барысында шулауға;
- Емтихан сұрақтарының мазмұнын талқылауға, жария етуге және шығаруға;
- Емтиханда пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;
- Емтихан жүйесіне араласу әрекеті немесе араласуы және емтиханнан өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға.
- Шпаргалкалар, А0-А10 форматындағы қағаз, оқу-әдістемелік әдебиет, сөздік
- Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі
- Калькулятор, фотоаппарат
- Ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad, iPod, SmartPhone)
- Рациялар, ноутбуктер, плеер, модемдер (мобильді роутерлер)
- Смарт сағат, смарт көзілдірік, смарт жүзік, фитнес білезіктер (трекерлер)
- Сымды және сымсыз құлаққаптар, микрофон, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, диктофон
- GPS навигаторлары, GPS трекерлері, қашықтан басқару құралдары
- GSM, 3G, 4G, 5G, VHF, UHF, Wi-Fi, GPS, Bluetooth, DECT стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары
Кіргізу барысында тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, сәйкесінше акт жасалады және түсуші емтиханға жіберілмейді.
ДТЕ өткізу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда немесе емтихан ережелері бұзылған жағдайда сәйкесінше акт жасалып, тестіленуші аудиториядан шығарылады. ДТЕ нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.
Емтиханға кіргізу немесе өткізу кезінде бөгде тұлға анықталған жағдайда, түсуші ағымдағы жылы қайта емтиханға жіберілмейді.
Ұлттық тестілеу орталығы ДТЕ аяқталғаннан кейін бейнебақылау жазбаларын қарау және емтихан жүйесіне (электрондық форматқа) түсушілердің тіркеу файлдарын (логтарын) 3 (үш) ай ішінде тексеру нәтижесінде емтихан ережелерін бұзу фактілері анықталған жағдайда тиісті акт жасайды және емтихан нәтижелерінің күшін жояды.
Компьютер интерфейсіндегі калькуляторды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі

Емтихан күні түсуші өзімен бірге алып келуі қажет:
- Жеке басын куәландыратын құжат және қалам