uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантура (PhD докторантура)

PhD докторантура емтиханының форматы
Апелляция Емтихан нәтижесі

PhD докторантура емтиханының форматы

3

Блоктар саны

3

Емтихан сұрақтары

100

Максималды балл

210

Тестілеу уақыты (минутпен)

Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсуге арналған бағалау жүйесінің 100-балдық шкаласы

Емтихан бөліміБалл
1ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы оқуға түсушімен өткізетін әңгімелесу30
2Эссе20
3Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары50

Түсу емтиханы аяқталған соң түсушінің эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімдері бойынша жауаптары өзі таңдаған ЖЖКОБҰ-ға өңдеу және бағалау үшін жіберіледі. Түсу емтиханының нәтижесі түсу емтиханы өткізілгеннен кейін келесі күні жарияланады. Түсу емтиханының нәтижесімен түсуші жеке кабинетінде танысады.

Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ және бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді.

Түсушіге түсу емтиханы немесе апелляцияға өтініш берген кезде түсушінің жеке басын ашатын (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) дербес деректерді, таңбаларды, белгілерді, білім беру бағдарламалары тобының бейініне сәйкес келмейтін сөз тіркестерін енгізуге рұқсат етілмейді.

Аталған фактілердің бірі анықталған жағдайда түсушінің түсу емтиханы бойынша жауаптары бағаланбайды және өңделмейді.

Шекті балл

PhD докторантура бойынша

75

балл

Емтиханға төлем жасау

ДТЕ-ге қатысу үшін төлем онлайн өтініш беру кезінде 1 сағат ішінде жүргізіледі. Төлем тәсілдері:

  1. Kaspi.kz қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу арқылы;
  2. кез келген банктің картасымен онлайн төлем (Visa, MasterCard).

Емтихан құны

21 072 теңге

Payment card