Докторантураға түсу емтиханы
докторантураға түсу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны
Өтініш беру
Халықаралық сертификаттардың балдарын аудару
"Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы" білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсушілер, сондай-ақ "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары бойынша түсуші тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімін тапсырады және балдарды аудару шкаласына сәйкес GRE Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде эссе жазудан босатылады.
Стандартталған GRE тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар тұлғалар түсу емтиханы мен конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде деректерді енгізуі керек.
Сертификат балдарын эссе жазу балдарына ауыстыру білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берілген кезде және ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде жүзеге асырылады.
Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалылығы мен жарамдылық мерзімі ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары тарапынан білім беру гранттарын республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен беру конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде қабылдау кезінде тексеріледі.
GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын докторантураға түсу емтиханы балдарына ауыстыру шкаласы
| GRE халықаралық стандартталған тест | Түсу емтихандары | Балл | ||
|---|---|---|---|---|
| Тест секциялары | "Педагогикалық ғылымдар" білім салаларына арналған, "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар | "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар", "Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары" білім салаларына арналған, "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар | ||
| Verbal Reasoning | 149 балдан кем емес | 145 балдан кем емес | Эссе жазу | 10 |
| Verbal Reasoning | 160 балдан кем емес | 150 балдан кем емес | Эссе жазу | 15 |
| Verbal Reasoning | 165 балдан кем емес | 160 балдан кем емес | Эссе жазу | 20 |