uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Бейіні бойынша докторлар, оның ішінде индустриялық PhD бағдарламалары бойынша докторантура (бейіні бойынша докторантура)

Бейіні бойынша докторантура емтиханының форматы
Апелляция Емтихан нәтижесі

Бейіні бойынша докторантура емтиханының форматы

2

Блоктар саны

3

Емтихан сұрақтары

80

Максималды балл

150

Тестілеу уақыты (минутпен)

Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша, оның ішінде индустриялық PhD бағдарламалары бойынша докторантураға түсуге арналған бағалау жүйесінің 80-балдық шкаласы

Емтихан бөліміБалл
1ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы оқуға түсушімен өткізетін әңгімелесу25
2Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары50
* Кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсыныс хаты болған жағдайда қосымша 5 балл беріледі.

Түсу емтиханы аяқталғаннан кейін түсушінің білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптары өзі таңдаған ЖЖКОБҰ-ға өңдеу және бағалау үшін жіберіледі.
Түсу емтиханының нәтижесі түсу емтиханы өткізілгеннен кейін келесі күні жарияланады. Түсуші түсу емтиханының нәтижесімен жеке кабинетінде танысады.

Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ және бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді.

Түсушіге түсу емтиханы немесе апелляцияға өтініш берген кезде түсушінің жеке басын ашатын (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) дербес деректерді, таңбаларды, белгілерді, білім беру бағдарламалары тобының бейініне сәйкес келмейтін сөз тіркестерін енгізуге рұқсат етілмейді.

Жоғарыда аталған фактілердің бірі анықталған жағдайда түсушінің түсу емтиханы бойынша жауаптары бағаланбайды және өңделмейді.

Шекті балл

Бейіні бойынша докторантура

50

балл

Емтиханға төлем жасау

ДТЕ-ге қатысу үшін төлем онлайн өтініш берген кезде 1 сағат ішінде төленуі тиіс. Төлем тәсілдері:

  1. Kaspi.kz қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу арқылы;
  2. кез келген банктің картасымен онлайн төлем (Visa, MasterCard).

Емтихан құны

21 072 теңге

Payment card