Докторантураға түсу емтиханы
докторантураға түсу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны
Өтініш беру
ДТЕ-ге қатысу үшін өтініштерді қабылдау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары және Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.
Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ мен бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының докторантурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы (app.testcenter.kz) жүзеге асырылады.

- Өтініштерді қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
- күнтізбелік жылғы 3 шілде - 3 тамыз;
- күнтізбелік жылғы 28 қазан - 10 қараша.
- ДТЕ өткізу келесі мерзімдерде өткізіледі:
- күнтізбелік жылғы 4 - 20 тамыз;
- күнтізбелік жылғы 19 қараша - 11 желтоқсан.
4-20 тамыз аралығында өткізілетін ДТЕ сертификаты күнтізбелік ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілетін ДТЕ сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды. - Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
- күнтізбелік жылғы 15 - 28 тамыз;
- күнтізбелік жылғы 26 желтоқсан - 10 қаңтар.
app.testcenter.kz сайтындағы пайдаланушының жеке кабинеті
ӨтуЖеке кабинетке кіру және тіркелу жөніндегі нұсқаулық
АшуЖеке кабинеттегі аккаунтты қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулық
АшуБілім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Өту- app.testcenter.kz сайтына немесе UTO.KZ қосымшасына (App Store немесе Play Market арқылы) кіріп, интерфейс тілін таңдау
- өтініштер беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркелу (Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау міндетті)
- өтініштерді беру жүйесінде алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль көрсетілген хатты өшіруге болмайды)
- ЖСН көрсетіп, «Іздеу» батырмасын басып (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және байланыс телефон нөмірін көрсету
- «Өтініш беру» бөліміне өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Докторантура» таңдау
- қажетті емтихан түрін таңдау
- тіркеу үшін деректерін толтыру
- ДТЕ өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растау
- офертамен танысып, келісетінін растау
- төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасау қажет
- барлық кезеңдерді сәтті аяқтағаннан кейін «Өтініш сәтті қабылданды!» деген мәлімдеме шығады
ДТЕ-ге қатысу үшін түсуші Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде өтініш береді.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін түсушінің Жоғары білімнің бірыңғай платформасында (ЖББП) «Білім алушы» немесе «Түлек» мәртебесі болмауы тиіс.
Түсуші өз еркімен ДТЕ тапсыру қаласын таңдайды.
Емтиханға төлемді 1 сағат ішінде жасау қажет.
Берілген өтініш түсушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді.
ДТЕ өткізу пункті, күні мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.

- жеке кабинетке кіру
- «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту
- өтінішті ашып, «Өтінішті өндеу» батырмасын басу
- өзгерістер енгізу
- түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет
- жеке кабинетке кіру
- «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту
- Өтініншті ашып, «Өтінішті жою» батырмасын басу
- Өтінішті жоюды растау
Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін емтиханға төленген төлем қайтарылмайды.
Емтиханға төленген ақша қаражаты ДТЕ кезеңі аяқталғаннан кейінгі 1 жылға дейінгі мерзімде қайтарылады.
ТолығырақҚұжаттар топтамасы
- Еркін нысандағы өтініш;
- Білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
- Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- Шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
- шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:
философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсушілер үшін:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (IELTS Academic), шекті балл кемінде – 5.0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT), шекті балл кемінде – 35 балл;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), шекті балл кемінде – 417;
TOEIC (Test of English for International Communication), шекті балл кемінде – 550;
Duolingo English Test, шекті балл кемінде – 80;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (DSH, Niveau В1) - В1 деңгейінен төмен емес;
TestDaF-Prufung Niveau В1 (TDF Niveau В1) - В1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (TFI) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (DELF) – В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome Approfondi de Langue français (DALF) – В1 деңгейінен төмен емес;
Test de connaissance du français (TCF) – В1 деңгейінен төмен емес;
бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсушілер үшін:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (IELTS Academic);
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT);
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP);
TOEIC (Test of English for International Communication);
Duolingo English Test;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH);
TestDaF-Prufung (TDF);
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (TFI);
Diplome d’Etudes en Langue français (DELF);
Diplome Approfondi de Langue français (DALF);
Test de connaissance du français (TCF).
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
- 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
- Шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
- Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;
- Алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша).
Емтиханға төлем жасау
ДТЕ-ге қатысу үшін төлем онлайн өтініш беру кезінде 1 сағат ішінде жүргізіледі. Төлем тәсілдері:
- Kaspi.kz қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу арқылы;
- кез келген банктің картасымен онлайн төлем (Visa, MasterCard).
Емтихан құны
21 072 теңге
