uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

EduNavigator

Мансапты жоспарлау платформасы

Өту

Жоба туралы

EduNavigator.kz — Қазақстандағы мектеп оқушыларына арналған кәсіби бағдар берудің цифрлық платформасы. Платформа Дж. Голланд әдістемесіне негізделген психометриялық тесттер арқылы білім алушылардың қабілеттерін анықтауға, өзіне лайықты мамандықты таңдауға және заманауи еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, жеке білім беру траекториясын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына, ата-аналарға, педагогтерге, кәсіби бағдар берушілерге және білім басқармаларына Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде бейіндік пәндерді таңдауға қатысты кәсіби шешімдерді сапалы сүйемелдеу мен талдауды қамтамасыз етеді.

Кәсіби бағдарлау тестілеуден онлайн форматта да, еліміз бойынша орналасқан 46 өңірлік тестілеу орталығында да өтуге болады, бұл барлық қатысушылар үшін кең қолжетімділікті және қамтуды қамтамасыз етеді.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Архетипті анықтау

Жеке тұлғалық есеп

Мамандықтарды таңдау

Мамандықтарға талдау

Білім беру траекториясы

Мектеп психологы мен кәсіби бағдар берушінің кабинеті

Жобалар

«Мамандығым – Болашағым»: жастарға арналған ұлттық кәсіби бағдар экожүйесі

Қазақстанда «Мамандығым – Болашағым» жобасы Президенттің тапсырмасы бойынша халық табысын арттыру жөніндегі 2029 жылға дейінгі бағдарлама аясында іске асырылуда. Жобаның мақсаты – жастарды сұранысқа ие мамандықтарға бағыттау, білім беру мен еңбек нарығы арасындағы байланысты нығайту және осылайша экономиканың тұрақтылығын арттыру.

Жобаның негізгі элементі - EduNavigator.kz платформасы, мектеп оқушылары, ата-аналар және консультанттарға арналған кәсіби бағдарлаудың цифрлық құралы.

Платформа психометриялық тесттердің негізінде оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға, тиісті мамандықтар мен жоғары оқу орындарын таңдауға, сондай-ақ жеке мансаптық траектория құруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда 250 000-нан астам оқушы EduNavigator.kz платформасында тестілеуден өтті. Нәтижелер өңірлік еңбек ресурстары карталарын әзірлеуге және еліміздің 91 жоғары оқу орнындағы 902 білім беру бағдарламасын жаңартуға пайдаланылуда.

Жоба мен платформа Қазақстан экономикасының негізгі салалары үшін білікті кадрлар даярлауға бағытталған заманауи кәсіби бағдарлау жүйесін қалыптастырады.

Нәтижелер

251659

7–11 сынып оқушылары кәсіби бағдарлаудан өтті

15

облыста кәсіби бағдарлау жүргізілді

68%

оқушылар Қазақстанда мансап дамытуды жоспарлайды

10%

оқушылар мамандық таңдауда мұғалімдердің пікірін ескереді

23%

оқушылар шетелдегі ЖОО-ларда оқығысы келеді

45%

оқушылар өздерінің түрлі мамандықтарға қаншалықты сәйкес келетінін және қай мамандықтардың ең сұранысқа ие екенін білмейді

59%

оқушылар мектептердегі кәсіби бағдарлау процесіне қанағаттанбайды

5

экономиканың секторлары: Ақпараттық технологиялар, Құқық және бизнес, Медицина, Педагогика, Әскери қауіпсіздік

Серіктестер

Логотип партнёра 1
Логотип партнёра 2
Логотип партнёра 3

Жеке тұлғалық тесттен өтіп, өз мамандығыңды біл