Ұлттық бірыңғай тестілеу
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтиханының нысаны
Өтініш беру
ҰБТ пәндері
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарының түсушілерін қоспағанда, түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және 2 бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша ҰБТ тапсырады. Бұл ретте 2 шығармашылық емтихан таңдалған жоғары оқу орнында өткізіледі.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсетін Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша ҰБТ тапсырады. Бұл ретте 2 шығармашылық емтихан таңдалған жоғары оқу орнында өткізіледі.
«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысатындарды қоспағанда, шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар екі бейіндік бойынша ҰБТ тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарынан ауысатындарды қоспағанда, басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады.
Бейіндік пәндер жоғары білім беру мамандығына (білім беру бағдарламаларының тобына) сәйкес таңдалады.
Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілерді қоспағанда, қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсушілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ арнайы пән бойынша өткізіледі. Бұл ретте шығармашылық емтихан таңдалған жоғары оқу орнында өткізіледі.
Жоғары білім беру бағдарламаларының топтары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бағытына сәйкес айқындалады.