Педагогтердің білімін бағалау
білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тесттер бойынша Педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім
Өтініш беру

Тестілеу кезіндегі мінез-құлық ережелері
- Тестілеу техникасы мен қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;
- ПББ өтуіне байланысты тестілеу жүйесіне бұзушылық әрекет жасап, араласуға;
- Дәліз бойынша кезекші қызметін атқаратын адамның рұқсатынсыз және сүйемелдеуінсіз аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) шығуға;
- Аттестатталушылардың денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) 10 (он) минуттан аспайтын және 1 (бір) реттен артық шығуға, бұл ретте тестілеудің алғашқы және соңғы 15 (он бес) минутында шығуға жол берілмейді;
- Сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысуға;
- Жұмыс үшін берілген құжаттар мен А4 қағаздармен алмасуға;
- Тапсырмалардың мазмұнын талқылау және жария ету;
- Аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) кез келген форматтағы қағазды, соның ішінде бос парақтарды шығаруға жол берілмейді.
- Аттестатталушы аудиториядан шыққан және қайта кірген кезде жол берілмейтін заттардың бар-жоғын тексеру жүзеге асырылады.
- Аудиторияға (компьютерлік кабинетке) шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, калькулятор, фотоаппарат;
- Менделеевтің периодтық және тұздардың ерігіштік кестелерін
- Түрлі форматтағы қағаздарды енгізуге;
- Пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (смартфон);
- Рациялар, ноутбуктер, плеерлер, модемдер (мобильді маршрутизаторлар);
- Смарт сағаттар, смарт көзілдіріктер, фитнес-білезіктер (трекерлер)
- Диктофон, сымды құлаққаптар, сымсыз, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамералар
- GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары
- GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары
Тыйым салынған заттар табылған жағдайда немесе тестілеу ережелері бұзылған жағдайда және тестілеуде бөгде тұлға анықталған жағдайда акт жасалып, тестіленуші аудиториядан шығарылады. ПББ нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.
ПББ өткізу талаптарын бұзу дерегі анықталған жағдайда, жол берілмейтін заттарды анықтаған кезде, ПББ жүргізу кезінде немесе ПББ өткізу бейнежазбасын қарау кезінде, тапсыру мерзіміне қарамастан, педагогтің білімін бағалауды жүргізу қағидалары мен шарттарын бұзу актісі жасалады, ПББ нәтижелері жойылады.
ПББ өткізу талаптарын бұзу фактісі анықталған кезде аттестатталушы бір жыл мерзімге аттестаттаудан өтуге жіберілмейді. ПББ өткізу талаптарын бұзу фактісі қайта анықталған кезде педагог, бөлім басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары – бес жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы-үш жылға аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.
Компьютер интерфейсіндегі калькуляторды, Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі

Тестілеу күні тестіленуші өзімен бірге алып келуі қажет:
- Жеке басын куәландыратын құжат және қалам