Педагогтердің білімін өтілі жоқ тұлғалардың, сондай-ақ Педагогикалық қызметті қайта бастағысы келетін тұлғалар үшін бағалау
Апелляция
Апелляция – педагогтің өтініші бойынша жүзеге асырылатын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
Апелляцияны өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган компьютерлік тестілеу жүйесі арқылы апелляцияға берген өтініштерді қарау бойынша Апелляциялық комиссия құрады.
Апелляциялық комиссия құрамына білім беру саласындағы уәкілетті органның, кәсіптік қоғамдастықтардың, қоғамдық, үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.
Апелляциялық комиссияның қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Апелляция түрлері
Апелляция келесі жағдайларда қаралады:
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
-

дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспегенде;
-

дұрыс жауап болмағанда;
-

бірден көп дұрыс жауап болғанда;
-

тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайда;
Әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздемесіз (толық түсіндірме, тапсырмаларды кезең-кезеңімен шешу) барлық тапсырмаларды қайта қарау бойынша апелляцияға берілген өтініш қарауға жатпайды.
Техникалық себептерге байланысты:
-

тапсырмаларда фрагмент немесе мәтін болмаған жағдайда.
Апелляцияға қалай жүгінуге болады

Техникалық себептер бойынша апелляция
Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініштер тестілеу процесінде беріледі.
Апелляциялық шағымда апелляцияның себебі, тест тапсырмасы бар экранның скриншоты көрсетіледі, сондай-ақ дәлелді негіздеме қосу қажет.
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға өтініштер тестілеу тапсыру пунктінде тестілеу аяқталғаннан кейін бірден беріледі.
Тестілеу қорытындысы бойынша компьютер экранында таңдалған жауап опциясын көрсете отырып, тестілеу нәтижелерін талдау картасы, сондай-ақ әрбір тапсырма бойынша жинаған балл және блоктар бойынша жинаған баллдардың сомасы және жалпы балл көрсетіледі.
Сондай-ақ, компьютер экранында "апелляцияға өту" және "апелляциясыз аяқтау" функциялары көрсетіледі
Апелляцияға өту
"Апелляцияға өту" функциясын таңдаған жағдайда, тестіленуші апелляцияға беру үшін тест тапсырмаларына ауысады.
Апелляциялық шағымда апелляцияның себебі көрсетіледі және дәлелді негіздемені қосу қажет.
Апелляцияға берілген тест тапсырмаларымен жұмыс аяқталғаннан кейін тестіленуші "апелляцияны аяқтау" батырмасын басады.
Әрі қарай, экранда апелляцияға берілген тест тапсырмалары бойынша қабылданған өтінішті талдау картасы көрсетіледі.
Апелляциясыз аяқтау
"Апелляциясыз аяқтау" функциясын таңдағанда, апелляцияға өтініш беру мүмкін емес.
