Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтарын қызметке тағайындау және қызметтен босату
Өтініш беру
Апелляция
Заңнаманы және нормативтік құқықтық актілерді білу бойынша апелляцияға өтініш беру көзделмеген.
Білім беру ұйымының басшысы лауазымына үміткер, бірақ шекті деңгейден өте алмаған кандидаттар қайта аттестациядан өтуге құқылы.
Апелляция түрлері
Апелляция келесі жағдайларда қаралады:
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
-

дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспегенде;
-

дұрыс жауап болмағанда;
-

бірден көп дұрыс жауап болғанда;
-

тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайда;
Әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздемесіз (толық түсіндірме, тапсырмаларды кезең-кезеңімен шешу) барлық тапсырмаларды қайта қарау бойынша апелляцияға берілген өтініш қарауға жатпайды.
Техникалық себептерге байланысты:
-

тапсырмаларда фрагмент немесе мәтін болмаған жағдайда.
Апелляцияға қалай жүгінуге болады

Техникалық себептер бойынша апелляция
Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініштер тестілеу процесінде беріледі.
Апелляциялық шағымда апелляцияның себебі, тест тапсырмасы бар экранның скриншоты көрсетіледі, сондай-ақ дәлелді негіздеме қосу қажет.
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға өтініштер тестілеу тапсыру пунктінде тестілеу аяқталғаннан кейін бірден беріледі.
Тестілеу қорытындысы бойынша компьютер экранында таңдалған жауап опциясын көрсете отырып, тестілеу нәтижелерін талдау картасы, сондай-ақ әрбір тапсырма бойынша жинаған балл және блоктар бойынша жинаған баллдардың сомасы және жалпы балл көрсетіледі.
Сондай-ақ, компьютер экранында "апелляцияға өту" және "апелляциясыз аяқтау" функциялары көрсетіледі
Апелляцияға өту
"Апелляцияға өту" функциясын таңдаған жағдайда, тестіленуші апелляцияға беру үшін тест тапсырмаларына ауысады.
Апелляциялық шағымда апелляцияның себебі көрсетіледі және дәлелді негіздемені қосу қажет.
Апелляцияға берілген тест тапсырмаларымен жұмыс аяқталғаннан кейін тестіленуші "апелляцияны Аяқтау"батырмасын басады.
Әрі қарай, экранда апелляцияға берілген тест тапсырмалары бойынша қабылданған өтінішті талдау картасы көрсетіледі.
Апелляциясыз аяқтау
"Апелляциясыз аяқтау" функциясын таңдағанда, апелляцияға өтініш беру мүмкін емес.
