uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтарын қызметке тағайындау және қызметтен босату

Өтініш беру

Тестілеуге дайындық

Тест тапсырмалары қолданыстағы нормативтік құжаттар (сондай-ақ стандарттар, үлгілік бағдарламалар, тест спецификациялары, оқу-әдістемелік құралдар және т.б.) негізінде жасалады.

Тест спецификациясы-тест тапсырмаларының базасын құру жөніндегі жұмыстың құрылымы мен мазмұнын анықтайтын құжат. Тесттің спецификациясы жалпы тесттің негізгі сипаттамаларын, тест тапсырмаларының мазмұны мен формаларын және тест құрылымын қамтиды. Спецификацияда тесттің мақсаттары, міндеттері, жоспары мен құрылымы туралы ақпарат қамтылады, сондай-ақ тест материалын іріктеуге және тест тапсырмаларын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар көрсетіледі.

Тест тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшылар облыстық, қалалық білім басқармалары ұсынған оқу жетістіктерінің сапасын оқыту мен бағалауда тәжірибесі бар мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибелі педагогтары болып табылады, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары тартылады.

Сынақ тестілеу

Сайттағы жеке кабинетте app.testcenter.kz мұғалімдердің білімін бағалау үшін онлайн - тестілеу қол жетімді.

Laptop