uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

ҚАЗТЕСТ

Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасы аумағында әртүрлі қызмет түрлерімен айналысатын шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.

Өтініш беру
КАЗТЕСТ

ҚАЗТЕСТ деңгейлерінің сипаттамасы

Қарапайым деңгей (A1)
Базалық деңгей (А2)
Орта деңгей (B1)
Ортадан жоғары деңгей (B2)
Жоғары деңгей (C1)

Қазақ тілін қарапайым деңгейде (А1) меңгерудің жалпы сипаттамасы

Қарапайым деңгейде тілді қолданушы қарым-қатынас процесінде күнделікті-тұрмыстық, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени-әлеуметтік қарым-қатынас салаларына байланысты диалогтарға қатысады. Аталған салаларда коммуникативтік қарым-қатынасқа түсу (түсіну, жауап қайтару, пікір білдіру) үшін қарапайым деңгейге арналған тілдік құралдарды толық пайдалануы қажет.

Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгергені туралы сертификат - тілді меңгерудің базалық деңгейіне жақындататын нәтиже көрсеткіші.

Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгерген қолданушы:

баяу, анық айтылған ақпаратты түсінуге

қарапайым деңгей үшін ұсынылатын құжаттарды үлгі бойынша толтыруға және жазбаша жұмыстарды орындауға
Мысал
Осы деңгейдің мазмұнына сәйкес шағын эссе, бақылау үшін жазбаша жұмыс.

үлкен кідіріспен қарапайым сөздерді (қарапайым қысқаша нұсқаулар мен өтініштері бар қарапайым сөз тіркестері), аталған сандарды, бағаларды түсінуге тиіс

қарапайым деңгей үшін белгіленген шағын мәтіндерді оқып, мазмұнын түсінуге

ақпарат алу/беру сұхбаттарына, сауалнамаға қатысуға

Қазақ тілін базалық деңгейде (А2) меңгерудің жалпы сипаттамасы

Қазақ тілін базалық деңгейде меңгерген қолданушы коммуникация процесінде күнделікті-тұрмыстық, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас салаларына байланысты диалогтарға қатысады.

Осы салалардағы коммуникацияға қатысу үшін қазақ тілін меңгерген қолданушы базалық деңгейдегі сөйлеу қызметінің түрлерін толық көлемде пайдалануға тиіс.

Мысал - Түсіну, түсіндіру, жауап беру, пікір айту.

Қазақ тілін базалық деңгейде меңгергені туралы сертификат - тілді меңгерудің орта деңгейіне жақындататын нәтиже көрсеткіші.

Қазақ тілін базалық деңгейде меңгерген қолданушы:

айтылған ақпаратты нақты түсінуге

үлгі бойынша базалық деңгейлі құжаттарды толтыруға, жазбаша жұмыстарды орындауға тиіс
Мысал
Бақылау үшін логикалық түрде аяқталған қысқа мәтін, шағын эссе құру, жазбаша жұмыстарды орындау.

базалық деңгейлі грамматикалық формаларды дұрыс пайдалануға және осы деңгейге сәйкес диалогтарға қатысуға

базалық деңгейдегі шағын мәтіндерді оқуға және мағынасын түсінуге

кәсіби салада жиі кездесетін жағдайларда күнделікті қарым-қатынасқа қатысуға

сұрақтар қоюға және жауап беруге

Базалық деңгейдегі сөздер мен сөз тіркестері 1600-ден 1800-ге дейін тілдік бірліктерді құрайды.

Қазақ тілін орта деңгейде (В1) меңгерудің жалпы сипаттамасы

Орта деңгейде тіл қолданушы қатысым барысында күнделікті тұрмыстық, әлеуметтік - тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, ресми және кәсіби салаларға байланысты диалогтерге қатысады.

Аталған салаларда тіл қолданушы коммуникативтік қарым-қатынасқа түсу үшін осы деңгейге арналған тілдік құралдарды, тыңдаушыға ықпал ету құралдарын толық пайдалануы қажет.

Мысал - Түсіну, түсіндіру, жауап қайтару, пікір білдіру, ақпаратты жеткізу, ойды логикалық түрде аяқтай алу.

Қазақ тілін орта деңгейде меңгеру сертификаты – тілді оқып-үйренудің ортадан жоғары деңгейіне апаратын нәтиженің көрсеткіші.

Қазақ тілін орта деңгейде меңгерген қолданушы міндетті түрде:

есту, көру, тыңдау, (оның ішінде масс-медиа) арқылы алынған ақпаратты түсінеді және осы ақпаратты логикалық ойды аяқтап жеткізеді, осы ақпараттың мазмұны бойынша сұрақ-жауапқа қатысады, пікір алмасады

орта деңгей үшін белгіленген мәтіндерді оқып, мазмұнын түсінеді және оны талдай алуы тиіс

күнделікті немесе кәсіби бағдарлы мазмұндағы бейімделген және нақты мәліметі бар, шағын көлемді түпнұсқа мәтіндерді түсінеді және талдай алуы тиіс

орта деңгейге арналған грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, осы деңгейге сәйкес сұхбатқа қатыса алуы

орта деңгейге сәйкес құжаттарды толтырып, орта деңгейге сай жазба жұмыстарын орындай алуы тиіс

Орта деңгейдегі сөздер мен сөз тіркестері 2200-ден 2500-ға дейін тілдік бірлікті құрайды.

Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде (В2) меңгерудің жалпы сипаттамасы

Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерген қолданушы коммуникацияға еркін қатысуға және күнделікті-тұрмыстық, әлеуметтік-тұрмыстық, қоғамдық-әлеуметтік, қоғамдық - саяси, ресми-іскерлік және кәсіби қарым-қатынас салаларына байланысты тілдік қажеттіліктерді қанағаттандыруға тиіс.

Көрсетілген салалардағы коммуникацияға қатысу үшін осы деңгейдің лексикалық-грамматикалық бірліктерін стилистикалық сауатты және толық көлемде пайдалану қажет.

Мысал - Түсіну, түсіндіру, жауап беру, пікір білдіру, ақпарат беру, ойды логикалық түрде аяқтай білу, бағалау, талдау, қорытынды шығару.

Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгергені туралы сертификат – тілді меңгеру деңгейін орта деңгейден жоғары деңгейге жақындататын нәтиженің көрсеткіші.

Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерген қолданушы:

естіген, көрген, тыңдаған ақпаратты түсінуге, түсіндіруге

логикалық аяқталған ойды жеткізуге

«сұрақ-жауап» форматында диалогқа қатысуға, пікір алмасуға

ортадан жоғары деңгейге арналған тақырыптар бойынша мамандыққа қатысты терминдер мен терминдік тіркестерді қолдана отырып, ресми-іскери мәтіндерді құрастыра алуға

ортадан жоғары деңгейге сәйкес іріктелген ресми құжаттардың мазмұнын түсінуге, баяндауға

ортадан жоғары деңгейге сәйкес келетін жазбаша жұмыстарды орындай алуға тиіс

осы деңгейге сәйкес жазбаша жұмыстарды орындау

ақпаратты беруге, бағалауға, талдауға, толықтыруға және қорытындылауға

ортадан жоғары деңгей үшін белгіленген мәтіндерді оқып, мазмұнын түсінуге және мазмұнын толық баяндауға

күнделікті, қоғамдық-әлеуметтік және кәсіби бағдарлы нақты мәліметі бар, мамандыққа, кәсіпке қатысты терминдер мен терминдік сөз орамдары қолданылған мәтіндерді оқып түсінуге, өз мамандығына қажетті ақпараттарды іздеп таба алуға, мәтіндегі мәселені анықтай алуға

өз кәсіби саласында өзекті мәселелерді түсіндіріп, сипаттауға, оның шешу жолдары туралы пікірін анық, жүйелі түрде жеткізе алуға

ортадан жоғары деңгейге арналған грамматикалық формаларды, лексикалық тілдік бірліктерді сауатты қолдануға, стильдік ерекшеліктерді сақтауға, осы деңгейге сәйкес диалогқа араласа алуға

орташа деңгейден жоғары деңгейге сәйкес келетін ресми құжаттардың мағынасын түсіну, қайта айту

Ортадан жоғары деңгейдегі сөздер мен сөз тіркестері 3000-нан 4000-ға дейін тілдік бірлікті құрайды.

Қазақ тілін жоғары деңгейде (С1) меңгерудің жалпы сипаттамасы

Қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерген қолданушы алдын ала дайындықсыз сөйлеу актілеріне, қоғамдық және еңбек қызметінің барлық салаларына (әлеуметтік-тұрмыстық, қоғамдық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси, ресми-іскерлік және кәсіби, ғылыми-өндірістік) байланысты жағдайларға еркін қатысуға тиіс.

Қазақ тілін меңгерген қолданушы:

- жоғарыда аталған салалармен байланысты қарым-қатынас процесінде сөйлеу актісінде әдеби қазақ тілінің лексикалық-грамматикалық тілдік бірліктерін орынды қолдануға;

- мазмұны байланысты салыстырмалы түрде көлемді мәтін құрастыра білуге;

Мысал - Түсіну, түсіндіру, жауап қайтару, пікір білдіру, ақпаратты жеткізу, ойды логикалық түрде аяқтай алу, ақпаратты толықтыру, бағалау, талдау, қорытындылау, өз ойын дәлелдеу, шешу жолдарын ұсыну.

Қазақ тілін жоғары деңгейде меңгергені туралы сертификат – тілді жетік деңгейде оқып үйренуге апаратын нәтиженің көрсеткіші.

Қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерген қолданушы:

есту, көру, тыңдау, оқу арқылы алынған ақпаратты толық түсінуге, түсіндіруге, ақпаратты жеткізуге, баға беруге, талдауға және толықтыруға, қорытынды жасауға, логикалық тұрғыдан толық аяқталған біршама күрделі ойды жеткізе алуға, әртүрлі тақырыптағы пікірсайысқа қатысып, ойын дәлелдей алуға тиіс

өз кәсіби саласына байланысты маңызды тақырыптар бойынша ақпарат, мәліметтер жинауға, олардағы мәселенің берілуіне талдау жасауға, топтастыруға, таңдалған тақырыптың негізгі аспектілеріне сипаттама беруге, түсіндіруге, шешу жолдарын ұсынуға

жоғары деңгейге арналған лексикалық тілдік бірліктерді, грамматикалық формаларды сауатты қолданып, стильдік ерекшеліктерді сақтап, осы деңгейге сәйкес еркін сұхбаттаса алуға

бұқаралық-медиа арқылы тыңдалған ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды түсінуге, бейтаныс сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын контекст арқылы анықтауға, көзқарастар қайшылығын анықтауға, пікірдің дәлелденуіне баға беруге, өз пікірін дәлелдер (түсіндіру, негіздеу, дәлел, мысал, деректер) келтіру арқылы ұсынуға тиіс

көпшілік алдында баяндама жасай алуға

жоғары деңгейге сәйкес келетін ресми құжаттардың мазмұнын түсінуге, баяндауға, жоғары деңгейге сай жазба жұмыстарын орындай алуға

Жоғары деңгейдегі сөздер мен сөз тіркестері 5000 тілдік бірлікті құрайды.