uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

ҚАЗТЕСТ

Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасы аумағында әртүрлі қызмет түрлерімен айналысатын шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.

Өтініш беру
КАЗТЕСТ
Инфографика

Тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау ережелері

ҚАЗТЕСТ өткізу кезінде тестіленушіге тыйым салынады:
  • Аудиториядан Орталық өкілінің рұқсатынсыз шығуға.
  • Сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысуға.
  • Тестілеу материалдарымен алмасуға.
  • Тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға.
  • Тестілеу материалдарын (жауап парақтарын, сұрақ кітапшаларын, Айтылым блогының тапсырма парақтары мен Жазылым блогының жазба жұмыс дәптерін) умаждауға, жыртуға және корректор сұйықтығын қолдануға.
  • Тестілеу алдында және тестілеу кезінде шулауға.
  • Орталық Өкілінің рұқсатымен тестіленушілерге тестілеу аяқталғанға дейін аудиториядан кезекпен 5-10 минуттан аспайтын уақытқа шығуға рұқсат етіледі.
  • «Тыңдалым» блогында аудиоматериалдарды тыңдау барысында аудиториядан шығуға тыйым салынады.
  • Тестілеу ғимаратына тыйым салынған заттарды алып кіруге тыйым салынады.
  • Ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad, iPod, SmartPhone)
  • Рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер)
  • Смарт сағаттар, смарт көзілдірік, фитнес білезіктер (трекерлер)
  • Диктофон, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, микрофондар, сымсыз бейнекамералар
  • GPS навигаторлар, GPS трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары
  • Мынадай стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM, 3G, 4G, 5G, VHF, UHF, Wi-Fi, GPS, Bluetooth, Dect
  • Шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер
  • Барлық түрдегі қағаздар А0-А10

ҚАЗТЕСТ тестілеуіне кіргізу барысында тестіленушінің орнына бөгде тұлғаның кіргені анықталса, Орталық өкілі "Тестілеуге кіргізу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт" толтырады және тестіленуші ағымдағы жылдың соңына дейін тестілеуден шеттетіледі.

Тестіленушіде тыйым салынған заттар табылса, сондай-ақ тәртіп сақтау ережесін бұзған тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акт" толтырады. ҚАЗТЕСТ тестілеуі нәтижелері өңделмейді және тестіленуші ағымдағы жылдың соңына дейін ҚАЗТЕСТ тестілеуінен шеттетіледі.

Тестілеу уақыты аяқталған соң тестіленуші тестілеу материалдарын өткізуден бас тартқанда акт толтырады және тестілеу нәтижелері өңделмейді және тестіленуші ағымдағы жылдың соңына дейін тестілеуден шеттетіледі.

Тестілеу күні өзіңізбен бірге мына құжаттардың бірін алып келуіңіз қажет

  • Жеке басын куәландыратын құжат
  • Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты
  • 16 жасқа толмаған тұлғалар үшін туу туралы куәлік және орта немесе арнайы білім беру ұйымдарында оқығанын растайтын анықтама (фотосымен)
  • Шетелдік паспорт немесе Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің ықтиярхаты