uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу

магистратураға түсу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы, бір мезгілде бірнеше оқу пәндері бойынша өткізілетін емтихан нысаны

Өтініш беру

КТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының магистратурасына түсушілердің өтініштерін онлайн қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Инфографика
Мерзімдер
  • Өтініштерді қабылдау келесі мерзімдерде:
    • күнтізбелік жылғы 1 маусым мен 8 шілде;
    • күнтізбелік жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында жүзеге асырылады.
  • КТ келесі мерзімдерде:
    • күнтізбелік жылғы 20 шілде мен 10 тамыз аралығында;
    • күнтізбелік жылдың 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
    Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.
    Күнтізбелік жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.
  • Магистратураға түсушілерге арналған араб тілінен түсу емтиханы мен шығармашылық емтихандары ЖЖОКБҰ-да дербес мына мерзімдерде өткізіледі:
    • күнтізбелік жылғы 16 - 25 шілде;
    • күнтізбелік жылғы 21 - 28 қараша аралығында жүргізіледі.
  • Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
    • күнтізбелік жылғы 15 - 28 тамызға;
    • күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.

app.testcenter.kz сайтындағы пайдаланушының жеке кабинеті

Өту

Жеке кабинетке кіру және тіркелу жөніндегі нұсқаулық

Ашу

Жеке кабинеттегі аккаунтты қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулық

Ашу

Білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Өту
КТ-ға қатысуға өтініш беру алгоритмі
  • app.testcenter.kz сайтына немесе UTO.KZ қосымшасына (App Store немесе Play Market арқылы) кіріп, интерфейс тілін таңдаңыз
  • өтініштер беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркелу (Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау міндетті)
  • өтініштерді беру жүйесінде алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль көрсетілген хатты өшіруге болмайды
  • ЖСН көрсетіп, «Іздеу» батырмасын басып (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және байланыс телефон нөмірін көрсету
  • «Өтініш беру» бөліміне өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді» таңдау
  • қажетті тестілеу түрін таңдау
  • тіркеу үшін деректерін толтыру
  • КТ өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растау
  • офертамен танысып, келісетінін растау
  • төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасау қажет
  • барлық кезеңдерді сәтті аяқтағаннан кейін «Өтініш сәтті қабылданды!» деген мәлімдеме шығады

КТ-ға қатысу үшін түсуші Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде өтініш тапсырады

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін түсушінің Жоғары білімнің бірыңғай платформасында (ЖББП) «оқушы» немесе «түлек» мәртебесі болмауы тиіс.

Түсуші өз еркімен тестілеу тапсыру қаласын таңдайды.

Тестілеуге төлемді 1 сағат ішінде жасау қажет.

Берілген өтініш талапкердің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде орналастырылады.

КТ өткізу пункті, күні мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.

Инфографика

КТ өткізу пункті, күні мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.

Берілген өтінішті өзгерту алгоритмі
Берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (тестілеу тапсыру қаласын, білім беру бағдарламаларының тобын) өтініш қабылдау аяқталғанға дейін (8 шілдеге дейін, 10 қарашаға дейін) түсушіге өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы өзгертілмейді.
  • жеке кабинетке кіру
  • «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту
  • өтініншті ашып, «Өтінішті өндеу» батырмасын басу
  • өзгерістер енгізу
  • түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет
Берілген өтінішті жою алгоритмі
Түсуші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда деректер базасы жабылғанға дейін өзінің жеке кабинетіндегі өтінішін жою қажет.
  • жеке кабинетке кіру
  • «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту
  • өтініншті ашып, «Өтінішті жою» батырмасын басу
  • Өтінішті жоюды растау

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін тестілеуге төленген ақы қайтарылмайды.

Бұл ретте, тестілеу үшін төленген ақша қаражаты тестілеу кезеңі аяқталғаннан кейінгі 1 жылға дейінгі мерзімде қайтарылады.

Толығырақ Стрелка