Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу
магистратураға түсу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы, бір мезгілде бірнеше оқу пәндері бойынша өткізілетін емтихан нысаны
Өтініш беру
КТ пәндері
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсетін тұлғалар шет тілінен (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз), білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест және қазақ немесе орыс тілінде оқуға дайындықты анықтауға арналған тест (таңдау бойынша) қамтитын кешенді тестілеуден өтеді.
Қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейіндік магистратураға түсетін тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесті қазақ немесе орыс тілінде (таңдау бойынша) тапсырады.
Ағылшын тілінде оқытатын бейіндік магистратураға түсетін тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестті ағылшын тілінде тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсетін тұлғалар мыналарды тапсырады:
1) Шет тілінен (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) тест және қазақ немесе орыс тілінде оқуға дайындықты анықтауға арналған тест (таңдау бойынша) қамтитын кешенді тестілеу.
2) Таңдаған жоғары оқу орнында білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан.
Араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсетін тұлғалар мыналарды тапсырады:
1) Таңдаған жоғары оқу орнында араб тілінен кіріспе емтихан;
2) Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест және қазақ немесе орыс тілінде оқуға дайындықты анықтауға арналған тест (таңдау бойынша) қамтитын кешенді тестілеу.