Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу
магистратураға түсу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы, бір мезгілде бірнеше оқу пәндері бойынша өткізілетін емтихан нысаны
Өтініш беру
Халықаралық сертификаттардың балдарын аудару
Магистратураға түсетін тұлғалар шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде, балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес келесі тілдер бойынша аударыла отырып, шет тілі бөлімінен өз қалауымен босатылады:
- ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic), TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test);
- неміс тілі: DSH (Deutsche Sprachprüfung für den Hochschulzugang), TestDaF-Prüfung;
- француз тілі: TFI (Test de Français International™), DELF (Diplôme d’Études en Langue Française), DALF (Diplôme Approfondi de Langue Française), TCF (Test de Connaissance du Français).
Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредитациясы бар тұлғалар 5 жыл ішінде оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға КТ тестілеуінің "Шет тіл" (ағылшын тілі) бөлімін тапсырудан босатылады.
Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар тұлғалар КТ-ға қатысу үшін, республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру бойынша конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау кезінде сертификат деректерін енгізуі қажет.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы мен қолданылу мерзімін республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары тексереді.
«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», сондай-ақ «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес GRE (Graduate Record Examіnatіons) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тесттен және шет тілі бөлімінен босатылады.
"Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғаларға GMAT (Graduate Management Admіssіon Test) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде балдарды аудару шкаласына сәйкес қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде оқытылатын магистратураға КТ тапсырудан босатылады.
GRE стандартталған тест бойынша халықаралық сертификаты бар тұлғалар КТ-ға қатысу үшін өтініш берген кезде және конкурсқа қатысқанда электрондық форматта сертификат деректерін енгізуі қажет.
GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар тұлғалар республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру бойынша конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау кезінде сертификат деректерін енгізуі қажет.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы мен қолданылу мерзімін республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары тексереді.