uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу

магистратураға түсу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы, бір мезгілде бірнеше оқу пәндері бойынша өткізілетін емтихан нысаны

Өтініш беру

Тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау ережелері

Тестілеуді өткізу кезеңінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ғимаратқа тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермеу мақсатында рамалы және қол металл іздегіштер пайдаланылады.

Laptop
Кіргізуге және / немесе пайдалануға тыйым салынған заттар:
  • Шпаргалкалар, А0-А10 форматындағы қағаз, оқу-әдістемелік әдебиет, сөздік
  • Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесі
  • Калькулятор, фотоаппарат
  • Ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad, iPod, SmartPhone)
  • Рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер)
  • Смарт сағат, смарт көзілдірік, смарт жүзік, фитнес білезіктер (трекерлер)
  • Сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, диктофон
  • GPS навигаторлары, GPS трекерлері, қашықтан басқару құралдары
  • GSM, 3G, 4G, 5G, VHF, UHF, Wi-Fi, GPS, Bluetooth, DECT стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары

КТ-ға кіргізу барысында тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, сәйкесінше акт жасалады және түсуші тестілеуге жіберілмейді.

КТ өткізу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда немесе тестілеу ережелері бұзылған жағдайда сәйкесінше акт жасалып, тестіленуші аудиториядан шығарылады. КТ нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.

КТ-ға кіргізу немесе өткізу кезінде бөгде адам анықталған жағдайда, түсуші ағымдағы жылы қайта тестілеуге жіберілмейді.

Ұлттық тестілеу орталығы КТ аяқталғаннан кейін бейнебақылау жазбаларын қарау және тестілеу жүйесіне (электрондық форматқа) түсушілердің тіркеу файлдарын (логтарын) 3 (үш) ай ішінде тексеру нәтижесінде тестілеу ережелерін бұзу фактілері анықталған жағдайда тиісті акт жасайды және тестілеу нәтижелерінің күшін жояды.

Инфографика
КТ өткізу кезінде тестіленушіге рұқсат етілмейді:
  • Дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайтын тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз және сүйемелдеуінсіз аудиториядан (компьютерлік сыныптан) шығуға;
  • сөйлесуге, орнынан орынға ауысуға;
  • аудиториядан 2 реттен артық және 10 минуттан артық уақытқа шығуға.
  • құжаттармен және түсушіге тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазбен алмасуға;
  • құжаттарды және тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды аудиториядан (компьютерлік класстан) шығаруға, сондай-ақ оларды жырту, бүктеу арқылы бүлдіруге;
  • тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды өзімен бірге алып кетуге;
  • тестілеу ғимаратына тыйым салынған заттарды кіргізуге және пайдалануға;
  • тестілеу басталар алдында немесе барысында шулауға;
  • тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға, жария етуге және шығаруға;
  • тестілеуде пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;
  • тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасауға.

Компьютер интерфейсіндегі калькуляторды, Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі

Тестілеу күні түсуші өзімен бірге алып келуі қажет:

  • Жеке басын куәландыратын құжат және қалам